Алдағы демалыс жаңбырлы болады

Алдағы демалыс жаңбырлы болады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

 «Қазгидромет» РМК синоптиктері 12-14 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Оңтүстік циклонның және сонымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен, республикамыздың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болады, еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында жаңбыр, кей уақыттарды қатты жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ, 15-28 м/с дейін екпінді жел болады. Найзағай кезінде дауылды жел болуы ықтимал.

Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады.

Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында және оңтүстігінде жауын-шашынсыз, жоғары температурамен ашық ауа райы сақталады, 12-13 тамызда Атырау облысының оңтүстік-батысында әлі де, өтте қатты ыстық 42° сақталады, ал елдің солтүстік, шығыс және орталық облыстарында салқын ауа райы болады, ауа температурасының күндіз 12-20 жылыға дейін төмендейді, еліміздің оңтүстік-шығысында қатты ыстық 20-28 жылыға дейін төмендейді.