Алматыда 21 тамызда жаңа тариф күшіне енеді

Алматыда 21 тамызда жаңа тариф күшіне енеді
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Алматы қаласының әкімдігінің 2023 жылғы 10 тамызда жарияланған қаулысы, 21 тамызда қолданысқа енгізіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қаулыға сәйкес, қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифі төлем тәсіліне байланысты мынандай мөлшерде болады:

ұялы байланыс операторының қызметтері немесе көлік картасы не болмаса жол жүруге арналған мобильді қосымша арқылы қолма-қол ақшасыз төлем жасаған кезде – 100 теңге;

қолма-қол төлеу кезінде – 200 теңге.