Алатау ауданында дәмханадан өрт шықты

Алатау ауданында дәмханадан өрт шықты
www.inform.kz

Алматының Алатау ауданында дәмханадан өрт шықты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

«Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары Алатау ауданы, «Ақбұлақ» шағынауданы, Бәйтереков, 13 мекенжайы бойынша өрттің жоғары дәрежедегі шақыртуы бойынша жұмыс істеп жатыр. Онда екі қабатты «Терраса» кафесі отқа оранды»,- деп хабарлады ведомстводан.

Оқиға орнында жедел штабтың жұмысы орнатылып, жанып жатқан жерден 50 литрлік 3 газ баллоны эвакуацияланды.

Өртті сөндіруге 23 техника мен жеке құрамнан 55 адам жұмылдырылды.