Алматыда ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Алматыда ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Сурет: Ашық дереккөз

Инфаркт пен инсульт қаупі бар адамдар үшін қауіпті

Қазгидромет ауа райына байланысты Алматыда ескерту жариялады. 26 маусымда күндіз қалада қатты ыстық болады. Термометр 36 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ТЖД-ға сілтеме жасап. 

«Ыстық ауа райы, әсіресе жүрек-қан тамырлары аурулары, артериялық гипертониясы  бар, сондай-ақ инфаркт пен инсульт қаупі бар адамдар үшін қауіпті. Серуен, шамадан тыс физикалық белсенділіктен шектеліңіз.  Дәрігердің нұсқаулығын нақты орындап, берілген дәрі-дәрмектерді уақтылы қабылдау қажет. Артериялық гипертензиямен ауыратын адамдар қан қысымын үнемі қадағалап отырсын», - делінген ТЖД таратқан хабарламада. 

Олар қала тұрғындары мен қонақтарын күн өтіп кетпес үшін серуендеуден аулақ болуға шақырды.