АҚШ-та тағы бір банк жабылды

АҚШ-та тағы бір банк жабылды
Сурет: Informburo.kz

Осыған байланысты қор биржасында акциялар бағасы күрт төмендеді.

Инвесторлардың арасында қайта дүрбелең басталды. Басқа банктердің де акциялары арзандаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

“Пакэст”, “Уестерн”, “Метрополитен” банктерінің құнды қағаздарының бағасы  20-30% төмендеп отыр. Еске салайық, таяуда АҚШ-та First Republic банкі жабылды. Сарапшылар елде қаржы дағдарысы өршіп тұр деп дабыл қағуда. Америкалықтар мұндай жағдайды 2008 жылдан бері көрмеген. Жұмысын тоқтатқан банк барлық активтерін JPMorgan-ға 92 млрд долларға сатқаны белгілі болды.