Ақбота үшем алып келді

Ақбота үшем алып келді
Сурет: Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы

Оның 1-і ұл бала болса, 2-і қыз бала

Қызылорда облыстық перинаталдық орталығында 2023 жылдың 8 желтоқсан күні үшем дүниеге келді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Нәрестерлер анасының жүктілігінің 33-ші аптасында өмір есігін ашты.

Қызылорда қаласында тұратын 28 жастағы Ақбота Әбсаттар мен 30 жастағы Нұрсұлтан Қазбек санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласында қызмет атқарады.

Олардың бұдан бөлек 2 жасар Жантөре атты ұлы бар.

үшем
Фото: Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы

Нәрестелердің дүниеге келгендегі салмағы — 1830, 1670, 1200 грамм болды. Нәрестелер бірнеше минут айырмашылықпен дүниеге келді.

Шақалақтар 1 айға жуық облыстық перинаталдық орталығы дәрігерлердің жіті бақылауында болып, тұрақты ем қабылдады.

Қазіргі таңда сәбилердің және анасының жағдайы жақсы. Нәрестелердің есімін ата-әжесі Әлинұр, Адина, Медина деп қойды.

Абсаттар Ақбота өзінің жүктілігі туралы 6-шы аптада білген. Дәрігерлер алғашқы тексеруде егіздер болуы мүмкін екенін болжаса, 8-ші аптада үшем екенін растады.

«Бұл мен үшін күтпеген жаңалық болды. Жүктілік қалай өтеді екен, балалардың дамуы, жетілуі қалай болады екен деп уайымдадым», — дейді Ақбота Әбсаттар.