Ақбөкен атқандарды аямайды

Ақбөкен атқандарды аямайды
Сурет: Еgemen.kz

Айыппұл мөлшері 5-7 млн теңге.

Бұған қоса 3-10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Павлодар облысы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Руслан Төлепбаев айтты.

«Соңғы 5 жылда өңірде ақбөкендерді ату, тасымалдау дерегі тіркелмеген. Былтырға қарағанда олардың саны 2 есе өсті. Бүгінде 1 млн 318 мың», деді Руслан Төлепбаев.

Сондай-ақ ол киіктерді атуға қатаң тыйым салынғанын атап өтті.

«Мұндай заңсыздықтар  болса, 5-7 млн теңге айыппұл салынады әрі 3-10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», - деді инспекция басшысы.