Әскери қызметшілері су тасқынына қарсы шараларға қатысуда

Әскери қызметшілері су тасқынына қарсы шараларға қатысуда
Сурет: Ашық дереккөз

Бөгеттер жасау үшін 2,5 мыңнан аса қап құм дайындады

Батыс Қазақстан облысы әкімінің өтініші бойынша ҚР Қарулы күштері аумақтық қорғаныс бригадасының жеке құрамы су тасқынына қарсы іс-қимылға қосылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Күн жылып, қардың қарқынды еруі Орал – Самара жолын және облыс орталығының «Зашаған» шағын ауданындағы бірнеше үйдің су басуына әкеп соқты.

– Біздің бөлімше суға тосқауыл қою үшін қалаға көмек көрсету қажет екені туралы хабарламаға шұғыл шешім қабылдады. Кеше жұмысқа 35 әскери қызметші жұмылса, бүгін тағы да 18 адам қатарға қосылды, – деді 99250 әскери бөлімінің командирі полковник Расул Закиров.

Әскери бөлімнің жеке құрамы Төтенше жағдайлар министрлігі мен «Жайық таза қала» ЖШС бөлімшелерінің мамандарымен тығыз байланыста жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта әскери қызметшілер бөгеттер жасау үшін 2,5 мыңнан аса қап құм дайындады.