Әсел Қанай қола жүлдегер

Әсел Қанай қола жүлдегер
Сурет: Спортты дамыту дирекциясы

Түркияның Анталья қаласында WKF каратэден Karate1 Premier League - Antalya турнирінде Әсел Қанай қола жүлдегер атанды.

Қазақстандық спортшы 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынады. Ол қола жүлде үшін таласта франциялық Леа Авазериді 4:2 есебімен тізе бүктірді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Еске салсақ, аталған жарысқа 60 елден үздік 400-ге жуық спортшы қатысып, бақ сынап жатыр. 

Халықаралық турнирде енді тағы екі қазақстандық спортшы қола медаль үшін таласады. Ел құрамасынан (75 келіде сайысқа түсіп жатқан Әбілмансұр Батырғали және Нұрқанат Әжіқанов қола медальді сарапқа салады.