«Әрбір қазақстандық сайлауға орай 193 мың теңгеден алады» - жалған ақпарат

«Әрбір қазақстандық сайлауға орай 193 мың теңгеден алады» - жалған ақпарат
Суреттер: Stopfake.kz

WhatsApp-та қазақстандықтарға төленетін төлемдер туралы фейк ақпарат таратылуда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Stopfake.kz-тің хабарлауынша, дәл осындай ақпарат 2022 жылдың желтоқсанында болған. Бірақ онда Парламент сайлауы емес, 2022 жылғы 20 қарашада өткен кезектен тыс Президент сайлауы туралы жазылды. Сайланғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев «193817 лв» мөлшеріндегі төлемдер жасайтыны туралы жария етілді.

Шын мәнінде, Қазақстанның әрбір азаматына төлем жасау бағдарламасы туралы сол кезде де, қазір де айтылып жатқан жоқ.
Сонымен қатар, таратылымда сома «лв» белгісімен көрсетілген. Бұл қазақстандық теңгенің емес, лев – болгар валютасының белгісі.
Төлемді ресми интернет-ресурстан емес, worldcup-a2.buzz сайтынан алу керек. Басты беттің ортасында орналасқан түймені басу арқылы төлемді алуға болады екен.

Алайда, оны басқаннан кейін пайдаланушы арнайы жолға «ұялы телефон» нөмірін енгізуі керек.

Осылай ресімделген және мазмұны бар сайттар мемлекеттік органдарға тиесілі еместігі және нақты мемлекеттік бағдарламаларға жанама болсын қатысы жоқ екені анық.
Қорыта айтқанда, бұл ақпарат – пайдаланушылардың жеке деректерін осылай жинайтын алаяқтардың ісі. Желіде мұндай айла-амалдарға тап болмаудың жолдары туралы біз бұған дейін айтылып, жазылып жүр.