Әлихан Бөкейхан: Көзі соқырдан, көңілі соқыр жаман

Әлихан Бөкейхан: Көзі соқырдан, көңілі соқыр жаман
Сурет видеодан алынды

Бүгін — қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның туған күні. Осы орайда almaty-akshamy.kz сайты Әлихан Бөкейханның нақыл сөздерін жариялап отыр. Оқи отырыңыздар.

  • Ақылға саңыраулық та – айып.
  • Жұрт әділ болмай, жұрт ісі оңға баспайды.
  • Бостандыққа апаратын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ қана.
  • Ақылды сөз қылмақ қиын, ақылды сөзді ақылды іс қылмақ одан да қиын. 
  • Болғаннан – қашпа, болмағанға – саспа.   
  • Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден.
  • Көзі соқырдан, көңілі соқыр жаман.
  • Елдің тұрмысын, тілін, мінезін білмеген кісі көш басын да алып жүре алмайды. 
  • Нағыз түрік затты халық тілі – біздің қазақта.
  • Елдің тұрмысын, тілін, мінезін білмеген кісі көш басында алып жүре алмайды.
  • Тіршілік – бәйге: жүйрік алар, шабан қалар.
  • Еріншек пен езге жол, бәйге, сыбаға, мүше жоқ.
  • Өз күшіне сенбеген халық та, адам да ешқашан өмір бәйгесін ала алмайды.
  • Өзің түйеден өткен жетекшіл болсаң, саған ақыл не керек? 
  • Би түзу, билік әділ болсын.
  • Мақаланы қалам өзі тілегенде жазса, сөз кестелі болады.
  • Жер десе дірілдемей болмайды: жер мәселесі – өмір сүру мәселесінің зоры.
  • Мансапқұмар елі – кемелдікке жетпеген ел.
  • Заң адам пайдасына жазылады, адам заң үшін тумайды ғой.

  • Еуропа мәдениеттімін деп мақтанғанымен, мәдениеті өнерінде ғана, ал мінезі хайуандық сапарынан қайтқан жоқ.
  • Адам қызметіне кіріспей қазына тумайды.
  • Халық ісін орнын салуға көп ақыл, көп қызмет, көп жылғы шебер істеген әдіс керек.
  • Адам баласы бір-біріне өкімші де, құл да болған. 
  • Француз, орыс һәм өзге жұрттың тарихынан көрінеді: молда үкіметтей ақша алса - сатылып кетеді. Рухани іс аяқ асты болады. Жалақы алған молдалар үкіметке жетекшіл болып, еріп кетеді.
  • Біздің қазақ жерді меншікті қылып алса - башқұртша көріп мұжыққа сатып, біраз жылда сыпырылып жалаңаш шыға келеді.
  • Біздің қазақ ұлтының автономиясы жерге байлаулы автономия болмақ.
  • Еуропада халық партия болғанда адаспас ақ жол табамыз деп, адам аспас асқар белден асамыз деп, жұрт ілгері басатын іс қыламыз деп таласады.
  • Қазақ сайлауы - жұртқа келген бір жұт: сайлау жылы мал бағусыз, егін салусыз, пішен шабусыз қалады.
  • Біздің қазақ-қырғыз дін ісін көркейтетін болса - үкімет ісін бөліп қойған оң болады.
  • Біздің жұрт бостандық, теңдік, құрдастық, саясат ісін ұғынбаса, тарих жолында тезек теріп қалады.
  • Байлық басы көпке байлаулы емес - базарда ақша болатынға байлаулы.
  • Байлық түбі - ақыл һәм қол ұсталығы. Осы екеуі қосылмай адам баласы қазынаға жарымайды.
  • Дүниеде не болса да бірте-бірте аздап ілгері басып болады. 
  • Талас-тартыс жоқ болса - өмір абақтыға айналар еді.
  • Жұрт пайдасына таза жолмен тура бастайтын ер табылса - қазақ халқы соңынан ерер еді. 
  • Әр замананың өз рәсімі, өз салты бар. Біздің замандағы салт: әркім құқына таласу, хұқына тартысу болады. Жылау салты артта қалды. 
  • Байлықты өнермен, шаруамен, қызметпен іздер болар.
  • Жер десе дірілдемей болмайды: жер мәселесі – өмір сүру мәселесінің зоры.
  • Тірі болсам қазаққа қызмет қылмай қоймаймын