Джефф Безос әлемдегі ең бай атанды

Джефф Безос әлемдегі ең бай атанды
Сурет: Rozetked

Америкалық миллиардер Джефф Безос қайтадан әлемнің ең бай адамы атанды.

Соңғы рет ол 2021 жылы тізімнің басында болған еді. Бірақ кейіннен оны Илон Маск басып озды. Алайда кейінгі уақытта бизнесмен иелік ететін Tesla компаниясының акциялары арзандап, жыл басынан бері 31 миллиард доллар жоғалтқан. Сөйтіп, ол әлемдегі екінші ауқатты адам болып отыр. Үшінші орында француз миллиардері Бернар Арно.