Әлемнің ТОП-50 боксшысының қатарына Головкин мен Әлімханұлы енді

Әлемнің ТОП-50 боксшысының қатарына Головкин мен Әлімханұлы енді
Сурет: Ашық дереккөз

Рейтингте украиналық боксшы Александр Усик көш бастап тұр.

Worldboxingnews.net сайты салмақ дәрежесіне қарамастан (pound-for-pound), әлемнің ең үздік 50 боксшысының тізімін жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап.

Рейтингте украиналық боксшы Александр Усик көш бастап тұр. Екінші орында жапондық Наоя Иноуэ. Ал үшіншісі сатыда - мексикалық Сауль Альварес.

Сондай-ақ үздік ондыққа Эррол Спенс, Дмитрий Бивол, Теренс Кроуфорд, Девин Хэни, Джермелл Чарло, Хуан Франсиско Эстрада және Шакур Стивенсон кірді. Қазақстандық боксшыларға келсек, World Boxing News рейтингісінде Геннадий Головкин 27-ші, Жәнібек Әлімханұлы 48-ші орынға табан тіреді, деп жазды Sports.kz.

Головкин орта салмақта WBA Super, IBF және IBO чемпионы болса, Әлімханұлы - осы дивизионда WBO чемпиондық белдігінің иегері.