Әлемде алтынның бағасы арзандады

Әлемде алтынның бағасы арзандады
Сурет: Іnternationalwealth.info

Алтын фьючерстері бір унцияға 1845,4 долларға дейін арзандады.

Сарапшылардың пікірінше, алтынның құны Қытайда енгізілген жаңа коронавирус шектеулеріне байланысты арзандап барады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 10:57-дегі жағдай бойынша, Нью-Йорктың Comex биржасында алтынның тамыз айындағы фьючерстерінің бағасы бір трой унциясына 7,3 доллар немесе 0,39% төмендеп, 1845,4 доллар болды. Шілде айындағы күміс фьючерстері 0,84% арзандап, унциясына 21,633 доллар болды», – делінген сауда деректерінде.

Инвесторлар Қытай тарапының сұранысынан қауіптеніп отыр. Өйткені билік Бейжің мен Шанхайда коронавирус пандемиясына қарсы жаңа шектеу шараларын енгізді.

Бұдан бөлек, алтын бағасына АҚШ мемлекеттік облигацияларының табысты болуы да (АҚШ қазынашылықтары) әсер етеді, ол 3,055% көтерілді.