«Әкімдіктің бұрынғы жеке әріптесі алдындағы берешегі жоқ

«Әкімдіктің бұрынғы жеке әріптесі алдындағы берешегі жоқ
Almaty-akshamy.kz

Алматы әкімдігінің сыртқы жарықтандыруды модернизациялаумен айналысатын жеке серіктес алдында берешегі жоқ

Әкімдіктің бұрын сыртқы жарықтандыруды модернизациялаумен айналысқан энергетикалық консорциумға кіретін «ABM-Building 2007» ЖШС жеке серіктесі алдындағы берешегі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

«Алматы Қала Жарық» ШЖҚ МКК мен жеке әріптес арасындағы өнім беруші тарапынан жұмыстарды орындамауы себебінен келісім шарттық міндеттемелер 2023 жылғы маусымда тоқтатылды. Кейін қазан айында Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен «Алматы қаласының сыртқы жарықтандыруды модернизациялау» жобасы бойынша МЖӘ шарт бұзылды.

2019-2023 жылдар кезеңінде шарт бойынша жеке әріптеске оның инвестициялары мен қызмет көрсету шығындарын өтеу есебінен 26,9 млрд теңге төленді. Шарт бойынша төлемдер жеке серіктестің өз міндеттемелерін орындамауына байланысты 2023 жылғы шілдеден бастап тоқтатылды. Тиісінше, қызметкерлерге жалақы төлеу жауапкершілігі компанияның өзіне жүктеледі.

Келісім шарттың 13.13 - тармағына сәйкес орындалған жұмыстардың АҚЖ-мен келісілген актілері орындалған жұмыстарға ақы төлеу үшін негіз болып табылады. 2023 жылғы шілде-тамыз айларындағы актілерге АҚЖ тарапынан орындалған жұмыстардың сапасына қатысты ескертулерге байланысты қол қойылмаған, олар ешқашан жойылмаған. Барлық қарсылықтар келісім шарт талаптарына сәйкес жазбаша түрде рәсімделді. 

МЖӘ шартына сәйкес жеке әріптес 2019-2023 жылдар аралығында модернизациялауды аяқтауы тиіс екенін және модернизациялау кестесін орындамағаны үшін инвестицияланған қаржы қаражатын өтеу факті бойынша жүргізілгенін қосамыз.

Келісім шарт бойынша жеке серіктес 2019-2023 жылдар аралығында 12,5 млрд. теңге инвестициялап, 44 мыңнан астам жарық нүктелерін модернизациялауы тиіс еді. Жеке серіктес 13,5 мың жарық нүктесін жаңартты, яғни келісім шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамады.

«Әкімдіктің бұрынғы жеке әріптесі алдындағы берешегі жоқ. 

Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап талап-арыз жұмысы басталды, онда ақы төлеу қажет жұмыс фактісі болған жоқ. Яғни, оны қабылдаушы тарап ешқандай құжаттармен растамайды», - деді Алматы қаласы энергетика және сумен жабдықтау басқармасы.

Еске салсақ, «Алматы қаласының энергетика және сумен жабдықтау басқармасы» КММ, «Алматы Қала Жарық» ШЖҚ МКК және «ABM-Vuilding 2007» ЖШС, «Электроремонт» ЖШС және «ABM-Project» ЖШС құрамындағы консорциумда «Алматы қаласының сыртқы жарықтандыруды модернизациялау» жобасы бойынша мемлекеттік-жеке әріптестік келісім шарты 2018 жылы 27 млрд-қа жуық сомаға жасалған болатын.Ол кейіннен жұмыс көлемінің ұлғаюына байланысты 43,6 млрд-қа дейін өсті.


Алматы қаласы энергетика және сумен жабдықтау басқармасы