АЧ-2023: Санжар Досжанов еркін күрестен алтын медаль иеленді

АЧ-2023: Санжар Досжанов еркін күрестен алтын медаль иеленді
Сурет: Ашық дереккөз

Отандасымыз шешуші жекпе-жекте өзбекстандық балуанмен белдесті

Қазақстан балуаны Санжар Досжанов (70 келі) еркін күрестен Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Отандасымыз шешуші жекпе-жекте өзбекстандық Зафарбек Отахановпен белдесті.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жерлесіміз өзбек балуанын 3:0 есебімен жеңді.

Алда алтын медаль үшін тағы бір отандық спортшы Болат Сақаев бақ сынайтын болады. Ол 79 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Өзбекстанның тағы бір өкілі – Бекзод Абдурахмановпен күш сынасады.