Алматының әкімі тікелей байланысқа шығады

Алматының әкімі тікелей байланысқа шығады
Сурет: 24.kz

Мегаполис басшысы әр аптаның сәрсенбі күні тікелей толқында өткізетін онлайн таныстырылымның бүгінгі саны «Алматы 2021: Инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту» тақырыбына арналмақ.

Бүгін  сағат 19.00-де Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Almaty TV арнасының тікелей эфирінде тұрғындардың сауалына жауап береді деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Көкейдегі сұрақтарыңызды 8 777 046 33 33 WhatsApp нөміріне жібере аласыздар, сондай-ақ Almaty.tv арнасының YouTube, Facebook парақшасына пікір қалдыруыңызға болады. Ал тікелей толқынға қосылу үшін  +7 (727)- 275-01- 02, +7 (727)-275-22-16  нөміріне хабарласуға болады.