Қазақстан-Қытай шекарасы уақытша жұмыс істемейді

Қазақстан-Қытай шекарасы уақытша жұмыс істемейді
Сурет: Ашық сурет

7 және 9 мамырда Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункттері жұмыс істемейді

Мереке күндеріне байланысты 2023 жылғы 7 және 9 мамырда қазақстан-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

"Тасымалдаушылардан және шекараны кесіп өтуге барлық ниет білдірушілерден енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - деді ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.