7 мамыр мен 9 мамырда әскери шеру өтпейді

7 мамыр мен 9 мамырда әскери шеру өтпейді
Сурет: Arnapress.kz

Биыл елімізде Отан қорғаушы және Жеңіс күні мейрамына орай әскери шеру өтпейтін болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында және басқа да міндеттерді шешу қажеттігіне байланысты биыл елімізде әскери шеру өтпейді. Жалпы алғанда қазіргі уақыттағы маңызды басымдық - Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығын талап етілетін деңгейде ұстап тұру», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ресми ақпаратта Қорғаныс министрлігі әскери-патриоттық іс-шараларды жоспарлап, өткізіп жатқаны айтылған.

«Аталған шаралар ерекше көзге түскен әскери қызметшілерді құрметтеу, соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді еске алу және олардың ерлігін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау мақсатын көздейді», - дейді ведомстводан.

7 және 9 мамыр мерекелеріне арналған шаралар туралы ақпарат жуырда министрліктің ресми сайтында жарияланады.