60 жылда алғаш рет Әуежай көлінің түбін тазартылады

60 жылда алғаш рет Әуежай көлінің түбін тазартылады
Сурет: Алена Мирошниченко

60 жылда алғаш рет Әуежай көлінің түбін тазарту, одан әрі абаттандыру, жаяу жүргіншілер көпірінің құрылыс мен түбіндегі су ағызу жұмыстары жүргізіледі.

Осы жылдың 2-ші тоқсанында Баум тоғайын рекреациялық және жағажай аймақтарын жайластыру, жаяу жүргіншілер көпірлерін жаңартумен Үлкен Алматы каналын, сондай-ақ «Кіші Алматы» өзенінің бойындағы жаяу-серуендеу аймағын (Майлин көшесінен қала шекарасына дейін) абаттандыру бойынша жобаларын дайындау аяқталуда, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.  

Өткен жылы бағдарлама шеңберінде 1,7 млрд. теңге сомасына 81 жоба іске асырылды. 2024 жылға бөлінген сома жаяу жүргіншілер-серуендеу және парк аймақтарын жайластыру, жарықтандыру желілерін салу және т.б. жаңа жобаларды жүзеге асыру үшін 2 млрд. теңгеге дейін ұлғайтылды. сонымен қатар 2023 жылы ауданда 10 негізгі су басу орны жойылып, 11 шақырым жаңа арық салынды, деді қала әкімі. 

Сонымен қатар, осы жылы қосымша тағы 30,6 шақырым нөсер жүйесін салу жұмыстары жалғастырылады.