23-24 қазандағы жауын-шашын кезінде Алматыда су тасқыны тіркелген жоқ

23-24 қазандағы жауын-шашын кезінде Алматыда су тасқыны тіркелген жоқ
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматы қаласында 23 қазан күні 11 мм жауын-шашын түсті, әуежай ауданында – 18 мм, Каменск үстіртінде - 15 мм.
Судың кедергісіз ағып кетуін қамтамасыз ету, түнгі уақытта су басудың алдын алу және жою мақсатында 115 жұмысшы, 114 бірлік арнайы техника, 23 мотопомпа жұмылдырылды.

ТЖ бойынша жедел кезекшінің ақпараты бойынша су тасқыны тіркелген жоқ.

24 қазанда сағат 8.00-ден бастап 39 кезекші бригаданың жауын-шашыннан кейін бітелген арықтарды тазартуға шықты. 

746 жұмысшысы, 163 бірлік арнайы техника, 23 мотопомпа жұмылдырылды. 

Аудан әкімдіктерінде тәулік бойы бақылау жүргізіледі.
​«Қазгидромет» РМК болжауынша, бүгін түстен кейін Алматыда жауын-шашынсыз, ауа температурасы +14… +16 градус болады.