Жауын-шашын, көктайғақ: сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Жауын-шашын, көктайғақ: сейсенбіге арналған ауа райы болжамы
Сурет: Самат Құсайынов

24 қазанның ауа райы болжамы.

Синоптиктер елдің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады деп болжап отыр.

«Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен ауа райының құбылмалы сипаты сақталып, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі.

Тек елдің орталығында антициклонның әсерінен күн райы жауын-шашынсыз болады.

Қазақстанның барлық аумағында тұман, желдің күшеюі болжанады», - делінген синоптиктер мәліметінде.