2024 жылы «ИТП» АЭА аумағында жаңа бес кәсіпорын іске қосылады

2024 жылы «ИТП» АЭА аумағында жаңа бес кәсіпорын іске қосылады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Келесі жылы «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында жалпы сомасы 12,2 млрд.теңге болатын инвестицияны тарта отырып, 311 жұмыс орны болатын бес жобаны іске қосу жоспарлануда, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Телекоммуникациялық жабдықтар өндіретін зауыт («Smart Alatau» ЖШС) 800 млн.теңгеге инвестицияланады, қуаттылығы жылына 1 млн. бірлік өнім шығарады және 120 жұмыс орны құрылады. Құны 1,7 млрд.теңге, қуаты жылына 500 мың бірлік, 45 жұмыс орны болатын иммунолюминесцентті тест-жүйелер («Kyzai» ЖШС) өндіретін қоймалары бар кешен. Құны 1,5 млрд.теңге, қуаты жылына 50 мың бірлік, 40 жұмыс орны ашылатын медициналық техника өндіретін зауыт («МедПроФарм» ЖШС). Құны 1,5 млрд.теңге, қуаты жылына 50 мың бірлік, 50 жұмыс орны болатын медициналық жабдықтар шығаратын зауыт («Технопроект-А» ЖШС). Құны 1,3 млрд.теңге, қуаты жылына 100 мың бірлік, 45 жұмыс орны құрылатын құрал-саймандар, аппараттар мен жабдықтар шығаратын зауыт («Ordamed» ЖШС). 

2025 жылы арнайы экономикалық аймақта жалпы құны 11,6 млрд теңге болатын және 417 жұмыс орны ашылатын картридждер, медициналық жабдықтар, медициналық және фармацевтикалық бұйымдар («А-Медикал» ЖШС, «Juldyz Kenan Co. LTD ЖШС», «Вива Фарм» ЖШС, «Doc Co. Ltd» ЖШС) шығаратын төрт жобаны іске қосу күтілуде.