Азия пара ойындарында ел қоржыны тағы бір жүлдемен толықты

Азия пара ойындарында ел қоржыны тағы бір жүлдемен толықты
Сурет: Туризм және спорт министрлігі

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия пара ойындарында велоспорттан Қазақстан ерлер құрамасы қола медаль жеңіп алды.

Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Команда мүшелері: Кенжеғұл Сейітжан мен Антон Лаврентьев. Олардың уақыт көрсеткіші 25:19:49.

Алтын медальді Оңтүстік Корея құрамасы иеленді ( 23:13.71), ал күміс медаль индонезиялық пара велоспортшылар еншісінде (25:12.17).