Елімізде жаңа халықаралық рейстер ашылады

Елімізде жаңа халықаралық рейстер ашылады
Сурет: Tengrinews.kz

Қазақстанда жаңа халықаралық рейстер іске қосылады.

Осылайша 2 маусымнан бастап Алматыдан Ереванға ұшақ ұша бастайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап. 

Тасымалдаушы авиакомпанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, рейс аптасына екі рет дүйсенбі және бейсенбі күндері орындалады.

Шілде айынан бастап Германия қалаларына да әуе рейстерінің саны көбейеді. Орал-Франкфурт бағытын қосқанда олардың саны аптасына 15-ке дейін артады.