2024 жылдан бастап Қазақстан ҰҚШҰ-ға төрағалық етпек – сарапшы

2024 жылдан бастап Қазақстан ҰҚШҰ-ға төрағалық етпек – сарапшы
Сурет: telegram.org/k/#@kisi_kz

 ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі өзара тиімді ынтымақтастыққа қуатты серпін береді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері Ерболат Сейлеханов мәлімдеді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

«Мемлекет басшылары халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің жай-күйі мен даму перспективаларын, оның Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің қауіпсіздігіне әсерін егжей-тегжейлі талқылады. Ұйымның сессияаралық кезеңдегі жұмысын қорытындылады. Алдағы кезеңге арналған жоспарларды айқындады. Минскідегі кездесу ҰҚШҰ-ға қатысушы елдердің сыртқы қауіптердің алдын алу және бейтараптандырудағы, жанжалдарды бейбіт жолмен реттеудегі, бітімгершілік қызметті жүргізетінін көрсетті», –  деді Ерболат Сейлеханов.