ТЖМ құтқарушылары Қырғызстаннан келген туристі құтқарды

ТЖМ құтқарушылары Қырғызстаннан келген туристі құтқарды
Сурет: видеодан алынды

Іле Алатауының тауларында ТЖМ құтқарушылары Қырғызстаннан келген туристі құтқарды, - деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

23 қарашада Қырғызстан азаматы Іле Алатауы тауларындағы Бутаковка шақалынан түсу кезінде аяғын жарақаттап алған. Таңғы сағат 4-те республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылар тобы аяғы үсіп қалған қызды тапты.

Құтқарушылар барлық қажетті көмек көрсетіп, оны шатқалдан төмен түсірді.

"Тауға жалғыз бармаңыз және жақындарыңызға қалаға оралу уақыты туралы эскертуді ұмытпаңыз", - деп ескертті баспасөз қызметінің өкілдері тауға барғанда қауіпсіздік шараларының маңыздылығы жайында.