2 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

2 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Сурет: Ашық дереккөзі

Жұма күні 11 өңірде қатты ыстық болады

2 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінің ауа райын ауқымды антициклон анықтайды. Онымен бұлтты және құрғақ ауа райы күтіледі. Тек еліміздің солтүстік-батысында, батысында, шығысында фронталды бөліктерге байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республика бойынша кей жерлерде шаңды дауыл тұрып, жел күшейеді. Almaty-akshamy.kz бұл туралы «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Атап айтқанда, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Алматы, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, Батыс Қазақстан, Абай, Қостанай, Қарағанды, Улытау облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола, Қостанай облыстарының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Күндіз Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қостанай, Ұлытау, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында,Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық болады.