Израиль археологтары ежелгі пілдің азуын тапты

Израиль археологтары ежелгі пілдің азуын тапты
Сурет: Дереккөз

Қазба жұмыстары

Израиль археологтары шамамен жарты миллион жыл бұрын Израильдің оңтүстігінде ежелгі адамдар аулаған тарихқа дейінгі пілдің үлкен азуын тапты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

CBS News агенттігі мәліметінше, Израильдің ескілік басқармасы сәрсенбіде Тель-Авив университеті мен Бен-Гурион университетінің зерттеушілерімен бірлескен қазба жұмыстары кезінде ұзындығы 2,5 метр болатын тасқа айналған зат табылғанын мәлімдеді.
Қазба жұмыстарын жүргізген ежелгі археолог Ави Леви бұл «Израильде немесе Таяу Шығыста табылған ең үлкен қазба» деп мәлімдеді.
Ескілік басқармасының мәліметі бойынша, бұл жер төменгі палеолит дәуіріне тиесі (шамамен 500 мың жыл бұрын). Осы жерден тас құралдары табылған болатын.
Ғалымдар жарты миллион жыл бұрын ежелгі пілдің табылған жерінде батпақты немесе таяз көл болған деп болжап отыр. Бұл ежелгі гоминидтердің мекендеген жері (приматтар тұқымдасы, оның ішінде адамдар мен үлкен маймылдар) болуы мүмкін.