18 жастағы Рахат Көшкінбаев Balenciaga брендінің сән көрсетіліміне қатысқан тұңғыш қазақ

18 жастағы Рахат Көшкінбаев Balenciaga брендінің сән көрсетіліміне қатысқан тұңғыш қазақ
Сурет: Egemen.kz

18 жастағы Рахат Көшкінбаев алғаш рет Парижде өткен испандық бренд шоуына модель болды.

Рахат Көшкінбаев Париждегі сән апталығында өткен Balenciaga испан брендінің киімдері мен аксессуарларының сән көрсетіліміне қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

«Мен Balenciaga көрмесіне қатысқан тұңғыш қазақ екенімді мақтан етемін», - деп жазды Көшкінбаев Instagram-дағы парақшасында.

6 наурызда Көшкінбаев тікелей эфирде сән апталығындағы жұмысының егжей-тегжейін айтып берді. Оның айтуынша, модель әлі қаламақы алмаған бірақ жоғары төлемнен үмітті. Сонымен қатар Қазақстан азаматына бренд подиумда өткен образды беру ықтималдығы жоғары.