15 жасар қыз көп қабатты үйдің шатырынан секірмек болды

15 жасар қыз көп қабатты үйдің шатырынан секірмек болды
сурет: ашық дереккөз

Жасөспірім - Орал қаласының тұрғыны.

Оралда полицейлер көп қабатты үйдің шатырынан секірмек болған 15 жасар қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz polisia.kz сілтеме жасап.

102 арнасына кәмелетке толмаған жасөспірімнің жоғалып кеткені туралы өтініш 12 мамыр кешке келіп түскен.

Департаменттің барлық жеке құрамы жасөспірімді іздеуге жұмылдырылды. Қыз бала таңертеңгі уақытта көп қабатты үйлердің бірінің төбесінде секіргелі тұрған жерінен табылды. Ювеналды полиция инспекторлары Рамазан Жадигеров пен Әділ Сахипкереев баланы уақытында райынан қайтарып, аман алып қалды.

Қазір жасөспіріммен психологтар жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның себептері бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.