145 кірме теміржол желісі мемлекет меншігіне өтеді

145 кірме теміржол желісі мемлекет меншігіне өтеді
сурет:UKIMET

Үкіметтік комиссияға бұл бастаманы қарауды жеделдету тапсырылды.

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Қазақстан экономикасын демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Үкіметтің телеграм каналына сілтеме жасап. 

Отырысқа қатысушылар теміржол көлігіндегі өндірістік процестің құрамдас бөлігі болып табылатын кейбір активтерді мемлекет меншігіне қайтару шараларын талқылады.

Премьер-Министр мүдделі мемлекеттік органдарға осы бағыттағы белсенді жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Бірқатар жеке компаниялардың меншік иелері 145 кірме теміржолды республика меншігіне беру туралы ұсыныс білдірген.

Теміржол тасымалында өндірістік процестің ажырамас бөлігі болып табылатын кейбір активтерді мемлекет меншігіне қайтару шаралары жалғасады. Комиссия мүшелері мұнай-газ саласының кейбір инфрақұрылымдық объектілерін мемлекет меншігіне беру жөніндегі жұмыстың барысын да қарады.