13 сәуірге арналған ауа райы болжамы

13 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Сурет: Ашық дереккөз

Батыс аймақтарда найзағай ойнап, бұршақ жауады

“Қазгидромет” бүгін батыс аймақтарда найзағай ойнап, бұршақ жауатынын болжады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Республиканың басым бөлігі жоғары қысым алқабында болады, соған байланысты көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек еліміздің батыс және солтүстік өңірлеріне атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. 

Республика бойынша желдің күшеюі, батыста, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, Батыс Қазақстан облысында найзағай ойнап, бұршақ жауады.