10000 теңгелік мерейтойлык банкнота айналымға шығады

10000 теңгелік мерейтойлык банкнота айналымға шығады
Сурет: ашық дерекөз

Қазақстан Ұлттық Банкі номиналы 10 000 теңгелік мерейтойлық банкнотаны айналымға шығарады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

Еске сала кетейік, осы жылы Қазақстан Республикасы ұлттық валютасына 30 жыл толуда. 

Жаңа банкнотада 19 қорғаныш элементі бар. 

Банкнотаның алдыңғы бетінде қазақы ою-өрнекпен дәстүрлі стильде безендірілген Қазақстан картасы аймақтарымен бейнеленген. Банкнотаның екінші бетінде картадағы Еуразия құрлығының жалпы контуры сызылған. Онда 5 мм магнитті қорғаныш жіп пен «₸» белгісі түріндегі Спарк элементі бар.  

Номиналы 10 000 теңгелік мерейтойлық банкнота өз құнына сай Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға жатады.