Алматыда қала маңына қатынайтын тағы бір бағыт ашылды

Алматыда қала маңына қатынайтын тағы бір бағыт ашылды
Almaty-akshamy.kz

Қала маңына қатынайтын жаңа №235 бағыт «Сәлем» базары мен Іле ауданындағы Исаев кенті арасында жүреді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

ISUZU Н-40 маркалы шағын сыйымдылықтағы 10 автобус жолаушылар тасымалына шықты. Қозғалыс аралығы – 12 минут. 

Естеріңізге сала кетейік, Алматы агломерациясын дамыту аясында 2023 жылы басқарма 25 елді мекенді қамтитын 10 жаңа қала маңындағы маршрутты ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Бұрын 5 маршрут ашылды, қалған 4-і дайындық үстінде.

Бұған қоса, Алматы және Алматы агломерациясын дамыту жоспарына сәйкес 2024 жылдың соңына дейін 20 жаңа қала маңына қатынайтын бағытты ашу көзделген. Соның есебінен 50 елді мекен қамтамасыз етіледі.