Өзбекәлі Жәнібековке мүсін орнатылды

Өзбекәлі Жәнібековке мүсін орнатылды
Сурет: Aikyn.kz

Сәулетті мүсін Өзбекәлі Жәнібековтің 90 жылдық мерейтойына орай ашылып отыр.

Шымкент қаласында Орталық саябақта қоғам қайраткері, ғалым-этнограф Өзбекәлі Жәнібековтің мүсіні орнатылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Мүсіннің ашылу салтанатына қала әкімі Мұрат Әйтенов, қоғам қайраткерінің қызы Жұлдыз Өзбекәлі және тағы басқа да зиялы қауым өкілдері қатысты.

Әкім ғалым-этнограф Өзбекәлі Жәнібековтің еңбегін айта келе, оған құрмет көрсету ұрпаққа парыз екеніне тоқталды.

«Халқымыздың төл дүниетанымы, ұлттық салт-дәстүрдің терең білгірі, еліміздің мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан ірі мемлекет қайраткері, ғалым-этнограф Өзбекәлі Жәнібеков - ел тарихында ойып тұрып орын алған еңбегі ерен бірегей тұлға. Баршаңызды мәдени кеңістігіміз бен осынау қуанышпен шын жүректен құттықтаймын!» – деді Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов.

Іс-шара барысында ғалымның өмірінен сыр шертетін деректі фильмнің тұсауы кесілді.