Өткен тәулікте 20 адам коронавирус пен пневмониядан көз жұмды

Өткен тәулікте 20 адам коронавирус пен пневмониядан көз жұмды
Cурет: Inform.kz

Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Солтүстік Қазақстан облысында

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан көз жұмғандар статистикасын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Оған сәйкес, 10 желтоқсан күні Қазақстан аумағында 15 адам - коронавирустан, тағы 5 сырқат - пневмониядан қайтқан.

Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Солтүстік Қазақстан облысында - 5 науқас.

Нұр-Сұлтан қаласында - 4, Павлодар облысында - 3, Алматы қаласы мен Қостанай, Алматы облыстарында - бір адамнан көз жұмған.

Еліміздің басқа өңірлерінде қайғылы жағдайлар тіркелген жоқ.