Әлемдік рейтинг: қазақ дзюдошылары үздік ондыққа енді

Әлемдік рейтинг: қазақ дзюдошылары  үздік ондыққа енді
Сурет: 24.kz

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) жылдың қорытынды рейтингін жариялады

60 келіге дейінгі салмақта Ғұсман Қырғызбаев пен Елдос Сметов алғашқы ондыққа енді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Олар тиісінше 9,10-орындарды иеленген.  66 келідегі Елдос Жұмаханов 19-шы, Ерлан Серікжанов 22-сатыда.  73 келідегі Жансай Смағұлов әлемдік рейтингте 8-орында тұр. 

81 келіде Дидар Хамза 32-ші сатыға тұрақтаса, 90 келіге дейінгі салмақта Ислам Бозбаев 18-орынға табан тіреді. 

Ауыр салмақта Ерасыл Қажыбаев 33-орыннан көрінді. Келесі маусымда Сметов пен Қырғызбаев 66 келіге, Серікжанов 73 келіге ауысады.  Ал Елдос Жұмаханов спорттағы мансабын аяқтады.