Қымбат гаджеттерді тұрғындардың атынан ресімдеген алматылық ұсталды

Қымбат гаджеттерді тұрғындардың атынан ресімдеген алматылық ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Халықты алдаумен несие рәсімдеген алаяқ анықталды

Алматының 19 жастағы тұрғыны халықты алдап, олардың атынан несиеге қымбат гаджеттерді рәсімдеген, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Анықталғандай, жігіт интернеттен кездейсоқ адамдардың мәліметтерін тауып алып, бірнеше ай бойы олардың атынан тауарлық несиелер рәсімдеп келген. Несие мақұлданғаннан кейін, ол қымбат телефондарды алып, үшінші тұлғаларға сатып жіберген және, әрине, несиені төлеу туралы ойлаған да жоқ.

«Полицияға бес азамат арызданған, күдікті олардың атынан “Iphone” маркалы ұялы телефондарды рәсімдеген. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтық жасады деген күдікті ұсталды. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тергелуде. Келтірілген шығын көлемі шамамен бір жарым миллион теңгені құрайды», – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал Алмалы ауданының полиция басқармасы аталған тұлғаның заңсыз әрекетінен зардап шеккендерге мына телефондар арқылы хабарласуға болатынын ескертеді: 8-708-707-9202; 8-705-555-7763; 8-775-719-2727.