Бокстан ӘЧ: Бүгін кімдер шығады?

Бокстан ӘЧ: Бүгін кімдер шығады?
Сурет: Рrosports.kz

Жерлестерге сәттілік!

Ұлттық Олимпиада комитетінің дерегінше, 29 қыркүйек күні бокстан әлем чемпионатының төртінші жарыс күні басталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Сербия астанасы Белградта бокстан ерлер арасында әлем чемпионаты жалғасып жатыр. 

Кезекті жарыс күнінде Белград шаршы алаңына төрт қазақстандық боксшы шығады.

Күндізгі сессияда 54 келіде Махмұд Сабырхан Оңтүстік Корея спортшысы Ким Ин Гомен кездессе, 92 келіде Айбек Оралбай польшалық Матеус Березницкимен жұдырықтасады.

Ал кешкі сессияда 60 келіде Саматәлі Төлтаев Хунатип Пиндуч (Тайланд), 67 келіде Асланбек Шымбергенов Шахрам Гиясовпен (Өзбекстан) келесі кезеңнің жолдамасын сарапқа салады.