Алматыда ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін 1 млн 267 мың адам екпе алу керек

Алматыда ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін 1 млн 267 мың адам екпе алу керек
Сурет: Zdorovie.akipress.org

Бүгінгі таңда вакцина алған алматылықтардың саны 690 055 адамды құрайды.

Дәрігерлер Алматы ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін қала тұрғындарының ең аз дегенде бір миллион 267 мың адам екпе алу керектігін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Алматы қаласында «дельта» штамының таралуына байланысты эпидемиологиялық жағдайдың асқынуы туралы» тақырыбында өткен онлайн баспасөз-конференциясы барысында ұжымдық иммунитет қалыптасу үшін екпе алуды маңыздылы туралы айтты.

Сонымен қатар Нариман Табынбаев екпе алып қойған алматылықтардың  екінші рет екпе алуы туралы айтты.

«Қазіргі кезде екпе алған азаматтардың екінші рет екпе алу шарасы қашан болатынын белгісіз, себебі біз қазіргі кезде вакцинацияның бірінші кезеңін аяқтап алуымыз керек. Екпе алудың екінші кезеңі туралы сұраушылар бар, бірақ бұл шара қашан болатыны әзіргүе белгісіз», – деді  Нариман Табынбаев.