Қанттың орнын қандай өнімдермен алмастыруға болады?

Қанттың орнын қандай өнімдермен алмастыруға болады?
Сурет: Massaget.kz

Тәттіге деген тәуелділіктен құтылуға бола ма?

Американдық дәрігер-диетолог Лора Бурак ағзадағы қантқа деген сұранысты қандай азық-түлік өнімдерінің көмегімен орнын толтыруға болатыны жөнінде айтты. Ғылым магистрінің сөзін Eat this, not that басылымы келтірген.

Сонымен, Лора Бурактың айтуынша, денені көптеген қоректік заттармен қамтамасыз ететін және тоқшылық сезімін ұзақ сақтайтын өнімдердің көмегімен тәттіге деген әуестікті жеңуге болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz РЕН-тв-ға сілтеме жасап.

Жаңғақ тура осындай азық-түліктер қатарына кіреді.

«Жаңғақтың құрамындағы ақуыздар мен майлар және аса көп мөлшердегі жасұнықтағы қант мөлшерін тұрақтандыруға көмектеседі және адам өзін тоқ сезініп, қанағаттанады», - деп санайды сарапшы.

Осылайша тәттіге деген қажеттілікті, сұранысты басуға болады. Маман бутербродқа авокадо қосуға немесе зәйтүн майымен және лимонмен себелеуге кеңес береді.

Диетолог ағзаның тәтті жеуге құмар болуы қалыпты жағдай екенін айтты, себебі ағзаға да қант қажет. Бірақ оны табиғи жолмен тұтыну керек, мысалы, жеміс-жидектерден алған жөн. Қанттың орнын алмастыра алатын азық-түліктің бірі – сапалы йогурт.

Дәрігер конфеттер мен басқа да оған ұқсас тәттілердің орнын пайдалы тәттімен алмастырса, осы әдіс арқылы уақыт өте келе адамның тәттіге деген әуестігі бірте-бірте азая бастайды.