Бақытжан Сағынтаев Тәуелсіздік күні қарсаңында жазушылар қауымдастығымен кездесті

Бақытжан Сағынтаев Тәуелсіздік күні қарсаңында жазушылар қауымдастығымен кездесті
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Бүгінде Қазақстан Жазушылар Одағының құрамында 820 мүше бар, олардың 400-і Алматыда тұрады.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Жазушылар одағының мүшелерімен шығармашылық бірлестікті қолдау және дамыту мәселелерін талқылады, сондай-ақ мерейтойлық датаға орайластырылған «Алматы-Тәуелсіздіктің алтын бесігі» байқауының қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  

Кездесуде Бақытжан Сағынтаев коронавирус бойынша күрделі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды қала тұрғындарының есіне салды. Дерт деңгейінің төмендеуіне қарамастан, әлемде жаңа "омикрон" штамы таралуда. Оның Қазақстанға енуі әбден мүмкін. Сондықтан қала әкімі барлық алматылықтарды өз денсаулығын сақтауға және дәрігерлердің халықты вакциналау, енді ревакциналау жөніндегі күш-жігерлерін қолдауға шақырды.

2019 жылдың соңында қалыптасқан дәстүрге сай алматылық ақындар мен жазушылар Алматы әкімінің грантына ие болды.

Сондай-ақ, бүгін мерейтойлық датаға орайластырылған «Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі» шығармашылық байқауының қорытындысы шығарылды. Мэтрлермен қатар байқауға жас ақындар мен жазушылар қатысты. Шығармашылық жұмыстар төрт жанрда ұсынылды – поэзия, проза, балалар әдебиеті, драматургия.

Асхат Өмірбаев «Әке, елге қайтайықшы!» әңгімесі, Тұрысбек Сәукетаев «Көкшулан» новелласы, Думан Рамазан «Үкім» тарихи драмасы, Патигүл Махсатова қазақ тіліндегі өлеңдер топтамасы үшін жеңімпаз болып танылды.

Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша өткен жылы 30 автордың жұмысын басып шығару үшін қаржы бөлінді. Жас жазушылардың да, қазақ әдебиеті классиктерінің де еңбегі қолдау тапты. Ағымдағы жылы жүзден астам танымал сөз шеберлері мен жас авторлардың кітаптары жарық көрді. Кітаптардың тұсаукесері қала кітапханаларында өтеді.

«Жазушылар қауымдастығын қолдау жалғасады. Сіздер тарихи оқиғалардың шынайы куәсі ретінде оларды жүректен өткізіп, оқырманға жеткізесіздер. Тәуелсіздіктің мерейлі жылында сіздерге зор денсаулық пен шабыт тілеймін!» - деді Бақытжан Сағынтаев кездесу соңында.