Жүк көлігінің астына ер адамды итерген әйелге үкім шықты

Жүк көлігінің астына ер адамды итерген әйелге үкім шықты
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Жәбірленуші алған жарақаттарының салдарынан сол жерде көз жұмды.

19 ақпанда Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Алматы - Бішкек тас жолында ер адамды жүк көлігінің дөңгелегі астына итеріп жіберген әйелге қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл 2023 жылдың қазан айында болды. Сотталушы мен оның серіктесі Алматы - Бішкек тас жолының Қарасай ауданына тиесілі аумағында орын алған болатын. Екеуі де мас күйде болған. Олардың арасында жанжал шығып, салдарынан әйел ер адамды жүк көлігінің дөңгелектерінің астына итеріп жіберген.

Жәбірленуші алған жарақаттарының салдарынан сол жерде көз жұмды.

"Сотталушының кінәсі толық дәлелденді және расталды. Сотталушының қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар анықталмады, ал жазаны ауырлататын мән-жай – алкогольдік масаң күйде болуы", – деп жазылған хабарламада.

Сот әйелді Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша кінәлі деп таныды. Ол 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Данный текст скопирован с сайта Informburo.kz
https://informburo.kz/kaz/newskaz/almaty-oblysynda-aiel-er-adamdy-kolik-dongeleginin-astyna-iterip-ziberdi-sot-ukim-sygardy