Жоғары оқу орындарында жасанды интеллект курсы оқытыла бастайды

Жоғары оқу орындарында жасанды интеллект курсы оқытыла бастайды
Сурет: Smartnews.kz

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Семейде өткен елдің жоғары оқу орындары қауымдастығының жалпы жиналысында осындай жаңалықты жеткізді.

Ведомство басшысының айтуынша, пилотты жоба әлемге әйгілі «Google» компаниясымен бірлесе жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта 14 университетке 750 лицензия берілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

«Ол пилотты жоба жақсы жүзеге асса, келесі жылдан бастап бүкіл жоғары оқу орындарына осы курсты береміз. Міндетті түрде бүкіл оқушыларымыз, студенттеріміз оны оқу керек. Және де бұл өте жақсы жасалған, құрастырылған курс. Әр адамға жасанды интелектінің не екенін, алгоритмдердің не екенін, оны қалай күнделікті өмірде қолдануға болатынын түсіндіретін курс», - деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.