Жыр жинағының тұсаукесері өтеді

Жыр жинағының тұсаукесері өтеді
Сурет: интернеттен

Алматылық жырсүйер қауымның назарына!

Бүгін қаламыздағы «Атакент» көрме орталығында ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ғалым Жайлыбайдың жыр жинағының тұсаукесері өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Жалғыз қарағай» атты өлеңдер мен поэмалар жинағын «Атамұра» баспа корпорациясы жарыққа шығарды. Кітап аса жоғарғы деңгейде дайындалған, сапалы еңбек болып қолдарыңызға тимек. Қарашаның 22 жұлдызында сағат 14:30-да өтетін кітаптың тұсаукесеріне өзім де қатысамын. Жыр оқып, ән тыңдап, сырласып қайтайық! Келіңіздер, ақын қуанышын бірге бөлісіңіздер», деп жазды кітап авторы «Алаш» әдеби сыйлығының, «Құрмет» орденінің иегері Ғалым Жайлыбай өзінің ФБ парақшасына.