Жетісу ауданында тұрғындары ұсынған 40 жоба іріктелді

Жетісу ауданында тұрғындары ұсынған 40 жоба іріктелді
almaty-akshamy.kz
Жағалаулар, скейт алаңдары, спорт кешендері және балалар ойнайтын орындар:  Жетісу ауданының тұрғындары үшін не салынады?
Жетісу ауданында «Халықтық бюджетке қатысу бағдарламасы аясында 2023 жылы аудан тұрғындары ұсынған 40 жоба іріктелді. Бағдарламаның жүзеге асу барысы туралы аудан әкімі Гүлнар Көкебаева Алматы қаласының Өңірлік коммникациялар қызметінің брифингінде айтып берді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz
«Халықтық бюджетке қатысу» бағдарламасы аясында 2023 жылы аудан тұрғындарынан 300-ге жуық жоба келіп түсті, оның ішінде тұрғындардың дауыс беру қорытындысы бойынша іске асыру үшін 1,8 млрд.теңге сомасына 40 жоба іріктелді. Олардың ішінде Райымбек даңғылы, Бөкейханов көш. қиылысындағы жер үсті жаяу жүргіншілер көпірін ағымдағы жөндеу, тереңдетілген контейнерлерді орнату және т.б. жобалар бар.
Бүгінгі таңда 25 нысанның құрылысы аяқталды. Жыл соңына дейін қалған 15 жобаны аяқтау жоспарлануда. 
«Халықтық бюджетке қатысу» жобасынан басқа, аудан әкімдігі жағалау аймақтарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуде.
«Есентай өзенінің бойында Көкжиек ы/а жалпы ауданы 8 га болатын жаңа саябақ аймағын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде, онда скейт, футбол алаңы, орындықтар, балалар ойын және спорт кешендері, автосуару жүйесі орнатылған жағалауды жайластыру көзделген. Жоба ауыспалы болып табылады, жұмыстарды аяқтау 2024 жылдың 2 тоқсанында жоспарланып отыр», - деп хабарлады Г.Көкебаева. 
Сондай-ақ, Черновцкая көшесінде біз өткен жылы салған жағалау аймағының құрылысын жалғастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жағалау аймағының жаңа құрылысы шеңберінде балалар, спорт, тренажер және коньки алаңдарын жайластыру көзделген, сондай-ақ, жағалауда автосуару жүйесі орнатылады, бұл бізге жасыл желектерді сақтауға мүмкіндік береді. Жобаның ұзындығы шамамен 1.2 км құрайды, жұмыстарды 2024 жылдың 2-тоқсанының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.