Желдің күші поездың жылдамдығын шектеді

Желдің күші поездың жылдамдығын шектеді
Inform.kz

Маңғыстаудағы дауыл пойыз жылдамдығына әсер етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Шаңды дауыл Бейнеу-Маңғыстау аумағындағы пойыздардың жылдамдығын сағатына 25 шақырымға шектелді. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» мәлімдеді.

Осы себепті Ақтөбе-Маңғыстау бағытындағы №110 пойыз Маңғыстау станциясына 42 минутқа кешігіп жетті. Өткен тәулікте аталған учаскедегі жолды құмнан тазартуға 2 арнайы жабдықталған жол техникасы мен 30 адам жұмылдырылып, 3 шақырым жол қалпына келтірілді.