Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін ұрған Н. Дәкебаев екі айға қамауға алынды

Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін ұрған Н. Дәкебаев екі айға қамауға алынды
almaty-akshamy.kz
Қарағандыда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін ұрған Нұрболат Дәкебаев екі айға қамауға алынды.

"Астана" телеарнасының хабарлауынша, тергеу соты күдіктіні сырттай қамау туралы прокурор шағымын қанағаттандырған.

"28 қаңтарда сот сырттай Нұрболат Дәкебаевқа қатысты екі айға қамау туралы бұлтартпас шарасын тағайындады. Ол үкімге қарсы шағым түсірген жоқ", - делінген сот таратқан хабарламада.