Жаңа жылдан бастап «жасыл» мәртебесімен ғана кіруге болатын нысандар саны артады

Жаңа жылдан бастап «жасыл» мәртебесімен ғана кіруге болатын нысандар саны артады
Сурет: Atpress.kz

Қаңтар айынан бастап ASHYQ қосымшасымен «жасыл» мәртебесі бар адамдардың кіруіне рұқсат берілетін нысандар тізімі кеңейеді

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап. 

«Сауда ойын-сауық орталықтарына, сауда үйлеріне, спорт орталықтары мен фитнес-орталықтарға, йога орталықтарына, караоке, бассейн, сауналарға, моншаларға, «Қазпошта» бөлімшелеріне, Халыққа қызмет көрсету орталықтарына ASHYQ қосымшасымен «жасыл» статусы бар адамдардың кіруіне рұқсат беру жөнінде қосымша алдын алу іс-шараларын енгізуді ұсынамыз», - деді ол.

Осы ретте министр міндетін атқарушы аталған норманы 2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап енгізуді ұсынатынын айтты.

«Халықты вакцина салу, жаппай ревакцина жасауды арттыру, сондай-ақ ұсынылатын эпидемияға қарсы іс-шаралар елдегі жағдайдың нашарлауына жол бермейді», - деді Жандос Бүркітбаев.